Ауа райы болжамы: бүгін үсік жүреді

Бүгін Астана қаласында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

12 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерін тұман басады, жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласады. Солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін. 12-13 қыркүйек күндері түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде -3 градусқа дейін үсік жүреді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Петропавл қаласында бүгін түнде -3 градусқа дейін үсік болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей аумақтарда 23 м/с күшейеді.

12-13 қыркүйек күндері Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаууы мүмкін, желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. 13-14 қыркүйек күндері түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік болады.

12-13 қыркүйек күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады.

12 қыркүйекте солтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді.

Бүгін түнде Ақтөбе, 12-13 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан, 13-14 қыркүйекте Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.