Астанада GGG-Альварес жекпе-жегінің қайырымдылық көрсетілімі болады

Астана уақыты бойынша 17 қыркүйекте өтетін жекпе-жекте Альварес GGG-дің тек екі атағы — WBA мен IBF белбеулері үшін ғана таласады.

Головкин ұтылып қалса, оның тағы екі белбеуі — WBC мен IBO бос қалып, оны басқа боксшылар өзара сарапқа салады. Ал қазақстандық боксшы жеңіске жетсе, төрт белбеуіне тағы The Ring журналының арнайы белбеуін қосып алады. Аталған басылым оны арнайы Альварес үшін шығарған болатын.

«Қазмедиа холл» киноконцерт залында осы жекпе-жектің қайырымдылық көрсетілімі болады. 2 мың теңгеге билет сатып алған көрермен аталған жобаның қатысушысына айналады.

Жиналған қаржы мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектерге арналған арба сатып алуға жұмсалады.

«Спорттық шараларды қайырымдылық форматында көрсету идеясы 2015 жылы қазақстандық спортшылардың қатысумен туындаған болатын. Олар отандастарымзыдың арасында барынша тартымды «Астана» өнер көрсеткен Чемпиондар лигасы, Головкин жекпе-жектері. Бұл киноконцерт залындағы қоғамдық көрсетілім болмақ.  Залды жалға алу ақысын төлеуге демеуші табамыз. Ал транслацияны «QAZAQSTAN» телеарнасы ұсынады. Бұл көшелердегі үлкен экрандардағыдай көрсетілім болмақ. Адамдар үшін шағын  мереке дегеніміз де жөн. Осы жолғы шараны қайырымдылық форматында өткізу туралы шешім қабылдадық. Біз жайлы мүгедек арбасын мұқтаж жандарға сатып алу үшін қаражат жинамақпыз», — деді «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-ның директоры Мирболат Аюпов.

Айта кетейік, қайырымдылық акциясын өткізу идеясы Фируза Қайлықова тиесілі. Мүгедек арбасына таңылған ол «Қазмедиа орталығында» жұмыс істейді. Фируза Нью-Йоркке Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға баруы керек болатын. Бірақ ол шаршы алаңдағы тартысты кездесудің жария көрсетілімін ұйымдастыруға ниет танытып отыр.

«Головкин — мен үшін нағыз патриот. Туған жерінен мыңдаған шақырым жырақта жүріп, барлық күш-жігерін Отанының атын халықаралық аренада ілгерлетуге күш салуда. Осы уақытқа дейін «Қазмедиа холдағы» көрсетілім деген болған еді. Ал бұл жолы орталық басшылығының рұқсатымен қаражат жинау үшін қайырымдылық көрсетілімін өткізбекпіз. Бала кезінен жүре алмайтын қыз бар, оған көмек қажет. Арба 600 мың теңге тұрады», — деді Фируза.

ДереккөзInform.kz