Көкшетауда «Мектепке жол» акцияcымен 400-ден астам оқушыға көмек берілді

Бұл — игі бастама Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының пәрмені болатын.

Бүгінгі балаларға базарлық — «Құрбан айт мейрамы»  алдындағы айттық сыйлығы. Енді сендер тек жақсы оқыңдар, — деп  қысқа қайырды өкіл имам өз сөзін.

Бүгінде балаларды мектепке даярлау — ата-аналардың қалтасына біраз салмақ салатыны рас. Әсіресе, тұрмысы төмен  отбасыларға оңай емес. Қайырымдылық шарасы дәл осындай жанұяларға қолдау танытып, балаларға бақыт сыйлауды көздейді. Айтпақшы, Науан Хазірет мешіті жанынан ашылған «Шаштараз» орталығы көмекке мұқтаж отбасылардың балғындары  үшін 31-ші тамыз күні тегін жұмыс істемек.