Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 8 балалы отбасыға пәтер сыйлады

Дін қызметкерлері бұл отбасы туралы бұқаралық ақпарат құралдарынан естіген. Олар Алматы облысында 2 бөлмелі жалдамалы пәтерде тұратын еді. Дін қызметкерлері Бас мүфтидің бастамасымен оларға үй салып берді.

жаңа үй Ержан қажы малғажыұлы

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз бұл отабсы туралы естіген күннен бастап, екі жарым ай бойы үй салдық. Енді соның кілтін сіздерге салтанатты түрде табыстаймыз. Біз бұны жарияламасақ та болар еді, алайда жақсылық жасауда көпшілікке үлгі болсын дедік. Алла жар болсын. Балалар еліміздің адал азаматтары болып өссін», -деп жылы лебізін білдірді Ержан қажы Малғажыұлы.

Үйлі болған отағасы — Марат Байсынов денсаулық жағдайына байланысты осындай жағдайда тап болғандарын айтып, Бас мүфтиге алғысын білдірді. Олар енді Нұра кентіндегі бес бөлмелі үйде тұратын болады.

жаңа үй Ержан қажы малғажыұлы

Игі шараға Бас мүфтимен бірге Талғар ауданы, Нұра ауылдық округінің әкімі Данияр Күнгей, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов қатысты.

3