Ақмола облысында «Ақ бидай-2017» 30-шы жазғы спорттық спартакиадасы басталды.

Жарысқа қатысушыларды құттықтаған аймақ басшысы Мәлiк Мырзалин жастар арасында бұқаралық спортты насихаттап, салауатты өмiр салтын ұстану Елбасы саясатының басты бағыттары екенiн атап өттi.

«Бiзде денешынықтыру және спортты насихаттауға зор көңiл бөлiнуде. Салауатты өмiр салтын ұстану бағытындағы мемлекеттiк жобалар сәттi жүзеге асырылуда. Облыста жыл сайын қазiргi заманғы спорттық нысандар пайдалануға берiлуде. Соңғы екi жыл iшiнде спорттық нысандардың саны 100-ге артты», — деп атап өткен облыс әкiмi спортшыларға жеңiске жетулерiне тiлектестiгiн бiлдiрдi.

Еске сала кетейiк, жарысқа облыстың әр өңiрiнен келген командалар футбол, волейбол, шахмат, дойбы, үстел теннисi, жеңiл атлетика, отбасылық старттар тәрiздi спорттың 7 түрi бойынша бақ сынайтын болады. Спартакиаданың ашылу салтанаты Державинск қаласындағы 100 миллион теңгеге күрделi жөндеу жүргiзiлген «Жастар» стадионында өттi. Жарыс тамыздың 26-на дейiн жалғасады. Жеңiмпаздар республикалық спартакиадаға жолдама алады.