Неймар ПСЖ-дағы алғашқы голын соқты

Неймар алаңға шыққан «ПСЖ»-ның алғашқы ойыны «Генгам» командасына қарсы болды.

62-минутта Эдисон Кавани Неймардың пасынан кейін гол соқты. Арада 20 минут өткенде Неймардың өзі де гол соқты.

Кездесу «ПСЖ»-«Генгам» 3:0 есебімен аяқталды.

25 жасар Неймар «ПСЖ-ға» осы жазда «Барселонадан» ауысып келген болатын. Француз клубы Неймар үшін футбол тарихында бұрын-соңды болмаған сома — 222 миллион еуро төледі.

ДереккөзBaq.kz