Неймар Әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Трансфері ең қымбат деп бағаланған тізімді Неймар бастап тұр. Оны өзге командаға ауыстыру үшін 210,7 миллион еуро төлеу керек. Қазіргі таңда Неймар «Барселона» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы болып жүр.

Екінші орында трансфері 155,1 миллион еуроға бағаланған Деле Алли тұр. Ол лондондық «Тоттенхем» клубының ойыншысы. Үшінші орын дәл осы клубтан Харри Кейнге бұйырған — 153,6 миллион еуро.

«Алтын допты» бес рет иеленген атақты Лионель Месси төртінші орында. Оның трансфері 151,7 миллион еуроға бағаланған.

«Реал» және Португалия құрамасының ойыншысы, Еуропа чемпионы және Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы Криштиану Роналду болса, 112,4 миллион еуроға бағаланып, он бірінші орынға табан тіреді.

ДереккөзVesti.kz