ПСЖ клубы 180 миллион еуроға тағы бір футболшы сатып алады

Француз футбол клубы 18 жасар «монаколық» футболшы Килиан Мбаппеге қызығып отыр. Ол үшін клуб 180 миллион еуро беруге әзір. Алайда, ПСЖ басшылығы УЕФА тарапынан санкция алмау үшін өзінің бірнеше ойыншысын сатпақ. Олардың арасында Анхель Ди Мария мен Юлиан Дракслер бар. Бұл туралы Goal.com хабарлады.

Келісім бойынша Мбаппе ПСЖ құрамында 2019 жылға дейін ойнауға тиіс. Ол биылғы маусымда 44 матчқа қатысып, 26 гол соққан, 14 сәтті пас шығарған.

Естеріңізге сала кетейік, ПСЖ клубы жақында ғана «барселоналық» Неймарды 222 миллион еуроға сатып алып, футбол тарихындағы ең қымбат трансферді жасаған еді.