11 тамыз: Ауа райы құбылмалы болады

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді, тұман басады.

Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ ұрып, дауыл соғады, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда, Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында көшпелі бұлт шығып, кей кездерде жаңбыр жауады, найзағай, дауыл тұрып, бұршақ ұруы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +14+16°С болады.

Алматы қаласында да көшпелі бұлт шығып, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Желдің күші 2-7 м/с, найзағай кезінде екпіні 12 м/с болады. Ауаның температурасы түнде +19+21°С, күндіз +29+31°С болады.