Фируза Шәріпованың қарсыласы анықталды

29 жасар Милена Колева тәжерибесі мол мықты споршы ретінде танылған. Ол 19 жекпе-жек өткізді. Оның тоғызында жеңіске жетіп, үшеуінде кездесуді нокаутпен аяқтаған. Жалғыз  жекпе-жекте қарсыласымен тең түскен болатын.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Астанада EXPO-2017 халықаралық көрме аясында бокс кеші өтеді. Шәріпова мен Колева жекпе-жегі кештің басты кездесуі болады. Әлем чемпионы титулына арналған жекпе-жек он раундтан тұрады.

Дереккөз24.kz