5 тамызға арналған ауа райы болжамы

Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 25 м/с  күшеюі күтіледі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарында жел  15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл  болжанады.

Түнде Қостанай облысында тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде  қатты ыстық ауа райы күтіледі.

Алматы облысында,  Атырау,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл  облыстарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

ДереккөзInform.kz