Өзбекстанда имамдардың діни сауаттылығы тексерілді

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы кадрлар бөлімінің басшысы Абдуманнап Усмановтың айтуынша, имамдардың діни сауаттылығы сұхбат арқылы тексерілді. Әңгімелесуді Ташкент қаласының имамдары мен діни басқарма қызметкерлері жүргізді.

«Біз имамдардың ғылыми білімінің деңгейін тексердік. Қазір елде ғылыми орталықтар өте көп. Сондықтан кейбір имамдарды білім деңгейін арттыру үшін сонда жіберетін боламыз», – дейді Абдуманнап Усманов.

Тексерістің қорытындысы 20 күннен кейін дайын болады.

«Білім деңгейі төмен имамдарға ешқандай жаза қарастырмаймыз. Болашақта жұмыстан шығаруымыз мүмкін. Алайда, әзірге бұл жағын қарастырмадық», — дейді кадрлар бөлімінің басшысы.

ДереккөзCentralasian.org