Ақмола облысында жаңа мешіт пайдалануға берілді

Бұл жолы Ақан ауылында есігін айқара ашқан Мұқыш Қадырұлы атындағы мешіттің құрылысына қарыжыны ауыл тұрғындары өздері жинаған.

«Алаштың алтын шаңырағы» атты этно-мәдени фестивалі, «Туған жер» бағдарламасы және Алаш орданың 100 жылдығына орайластырылған мешітті ресми ашу құрметі Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит пен Алланың үйін салған демеуші Жанарбек Оразалинге бұйырды.