Діни білім алу үшін ұсынылатын шетелдік теологиялық жоғары оқу орындарының тізімі жасалды

Тізімге Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінің теологиялық 9 жоғары оқу орны енді. Олардың қатарында «Әл-Азхар» университеті, Стамбул университеті, Мәрмара университеті, Анкара университеті, «Селжүк» университеті, «Хасеки» институты, Нажмеддин Эрбакан атындағы университет (Түркия), Ресей ислам университеті (Қазан қаласы), Мәскеу ислам университеті және Ташкент ислам университеті бар. Яғни, шетелдерде діни білім алғысы келетін азаматтар ҚМДБ жолдамасы арқылы аталған оқу орындарында білім ала алады.

Сонымен қатар елімізде арнайы діни орта білім беретін 9 медресе жұмыс істеп отыр. Олар Астана, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қызмет етеді.

Бүгінгі күнде 5 медресенің техникалық базасы медресе-колледж деңгейіне жеткізілді (Алматы облысы мен Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларындағы медреселер).

Айта кетейік, халыққа дұрыс ақпарат бере алатын теологтар дайындау мақсатында мемлекет «Исламтану» мамандығына бө­лінетін грант санын жылдан-жылға ұлғайтып отыр. Айта кетсек, 2016 жылы мемлекет тарапынан осы мамандыққа 190 грант бөлінді. Астанадағы «Нұр-Мүбарак» университетінде 123 магистрант білім алып жатыр. Сонымен қатар 12 докторант ғылым жолында жүр. Алдағы 4-5 жыл ішінде жоғары білімді мешіт имамдарына қатысты бүгін байқалып отырған қажеттілік толық шешімін табатын болады.