Алматыда терроризммен күресу ісі бойынша халықаралық конференция өтті

Конференцияға қатысушылар Орталық Азия жағдайында дін атын жамылған терроризммен күресу бойынша алдын алу іс-шараларының өзектілігін атап өтті. Өз кезегінде сөз алған баяндамашы, шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры Сабри Хизметли Қазақстандағы түрлі ағымдарға қатысты мынадай мәліметтермен бөлісті:

Қазақстан барлық дін өкілдеріне түсіністікпен және құрметпен қарайды. Сол себептен де бұл елде мешіттермен бірге христиан дінінің де, түрлі мазһабтардың, синогогтардың да ғибадатханалары бар. Қазақстандағы ғибадатханалар саны: елде шамамен 2500 мешіт, 230 провославиелік бірлестіктер, 8 монастрь, 38 котоликтік, протестанттық , 34 иегова ұйымдары бар. Аталмыш діни қауымдардың барлығы елдегі бейбітшілікке зиянды әртүрлі іс-шарадан аулақ болуылары керек, — дейді С. Хизмели.

Алматы, имамдарСондай-ақ оның айтуы бойынша, қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстанда миссионерлік жиірек көзге түсуде.

«Облыс әкімшілігі қызметкерлерінің берген мәліметі бойынша, Шымкент қаласы орталығы болып саналатын ОҚО-да 35 миссионерлік қызмет орталығы тіркелген. Бұдан басқа тек қана жастар мен әйел адамдар айналысатын 16 миссонерлік ұйымы құрылған болып шықты. Провославиелік миссионерлер, евангелистер, бейбітшілік еріктілері, баптистер, иегова куәгерлері аймақтағы ауқымды және белсенді қызмет ететін ұйымдар болып табылады. Олар қызметін іске асыру үшін елдегі шіркеу мен христиан жамағатын пайдаланумен қатар, әйел және жастар арқылы бүкіл халықпен қарым-қатынасты орнатқан. Әлбетте зиянды ағымдар жеке тұлғаларды қүндылықтарды ұлттық болмысынан айырып қана қоймай, тыныштыққа қауіп-қатер төндіреді, — дейді Сабри Хизметли.

Джауда Абдул-Гани Басьюни
«Нұр-Мүбарак» Қазақ-Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Джауда Абдул-Гани Басьюни

Шара кезінде сөз алған баяндамашы,«Нұр-Мүбарак» Қазақ-Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры Джауда Абдул-Гани Басьюни қазіргі уақытта әлемдегі террорлық әрекеттердің ислам дініне еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Жер бетінде түрлі зорлық-зомылық әрекеттері көрініс тауып жатыр. Алайда әлем «осындай зорлық-зомбылық көрсету көбіне ислам дінінде орын алады» деп, жала жапты. Ислам мыналарға мән береді: ел ішіндегі бейбітшілікті сақтауға жауапты тараптан шариғат үкімі бойынша, қылмыс жасаушыларға Исламда көрсетілгендей қарсы күш қолдануға рұқсат етілген, — деді  Джауда Абдул-Гани Басьюни.

Зорлық-зомбылыққа итермелеуші факордың бірі — нәсілсіздік пен біржақтылық

— Бұлар – зұлымдықтың отын тұтатын негізгі себеп.  Сондықтан адамды нәсіліне, ұлтына, түсіне қарап бөлуге болмайды. Алла Тағала Құранда «Ей, адам баласы, шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алла қасында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шексіз Алла толық білуші, әр нәрседен хабардар» дейді. Пайғамбарымыз айтады: «Ей, адамдар, естеріңде болсын. Сендердің Раббыларың жалғыз. Әрі сендер бір әкеден тарлдыңдар. Арабтарың араб еместен, араб емесің арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан тек діндарлығынан басқа ешқандай артықшылықтарың жоқ, — деп мысал келтірді ол.

Сондай-ақ, ректор «жиһад» ұғымына да түсінік бере кетті.

— Жиһад «күресу» деген мағынаны білдіреді. Елдегі тыныштықты сақтау үшін жиһадты арнайы мемлекеттік ұйымдар ғана ұйымдастыра алады. Ал жеке адамдар, жеке тұлғалар арнайы соғыс ашып, басқа да өз мүдделеріне сай пайдалануға тыйым салынады, — деді Джауда Абдул-Гани Басьюни.

Қазіргі уақытта ҚМДБ жанынан имамдардың білімін жетілдіруге семинар-тренингтер өте көп өтеді. Олардың мақсаты – теріс ағымдағы адамдармен жұмыс істеудің жаңа әдіс-тәсілдері, соларды қолданып нәтижелі жұмыс істеудің дәрістері өткізіледі. Қаладағы Заря-Восток мешітінің бас имамы Қазыбек Ахметтің айтуы бойынша, теріс ағымға мына топтағы адамдар тез ілеседі:

-Көбінесе ой-өрісі орнықпаған, екіншіден, психикалық ауқытуы бар, ашушаң келетін адамдар, ислам дінін жетік біле қоймаған жандар басқа ағымға тез кіріп кетеді. Алматы қаласы бойынша бүкіл мешіттер теріс ағымда жүрген адамдармен жұмыс істеп, райынан қайтқандардың тізімін әр айдың ортасында беріп отырады. Шамамен Қазақстандағы барлық мешіттерде дін өкілдері айына 1-2 адаммен жұмыс істеп, райынан қайтарып, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, — дейді  имам Қазыбек Ахметбек.

Бас имамның айтуы бойынша, қазіргі уақытта ата-баба дәстүріне қайта келіп жатқан азаматтар аз емес. «Райынан қайтару — әр адаммен жеке жасалатын шаруа. Бұл — инемен құдық қазғандай, ұзақ уақытты талап етеді, — дейді имам Қазыбек Ахмет.

Айта кетейік, конференцияға Египет, Түркия, Тәжікстан, Қырғызстаннан өкілдер келіп қатысты. Шара Алматы дін істері жөніндегі басқармасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Салауат» Білім беру-мәдени орталығы Қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті.