«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы қайта жарыққа шықпақ

Осыған дейін аталмыш бағдарлама әлемнің 120 елінде көрсетілген.

«Хабар» арнасының директоры Сандуғаш Рақымжанованың айтуынша, жобаның қаржылай қоры бұрынғы бағдарламаға қарағанда өскен.

«Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасы елімізде алғаш рет «Хабар» арнасында 2005 жылы эфирге шықты. Енді араға 12 жыл салып, жобаны қайтадан жаңғыртуды көздеп отырмыз. Бағдарламаға қатысу үшін  «М1» мәтінін 3698 нөміріне жіберсеңіз жеткілікті.  Жобаның қаржылай қоры да өсті. Мәселен, 15 сұраққа дұрыс жауап берсеңіз 10 млн теңге ұтады деген қатып қалған қағида жоқ. Бірінші, екінші «күймейтін» қаржы қоры артып отыр. Әр сомма екі есе өсті. Бірінші «күймейтін» ақша яғни қатысушы 20 мың теңгеге ие болады. Ал екінші «күймейтін» сома 300 мың теңге жетті. Қатысушылар смс-хабарлама бойынша тіркелгендер арасынан іріктеліп алынады. Түсірілім басталғанға бірнеше апта қалғанда генератор 250 ойыншыны таңдайды. Олар екінші турда телефон арқылы қойылған сұрақтардың жауабын табуы керек. Ал дұрыс жауап бергендер «Хабар» арнасында өтетін бағдарламадан миллион ұтып алуға біртабан жақындай түседі», — дейді ол.

Айта кетейік, жобаға жасы 18-ге толған кез-келген адам қатыса алады.

Дереккөз24.kz