Қазақстандық әскери теңізшілер «Теңіз кубогы-2017» халықаралық ойындарына қатысады

Қазақстан намысын бұл сайыста «Қазақстан» және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемелері қорғайды. 21 шілдеде басталатын шарада мемлекетіміздің басты қарсыластары Иран, Әзербайжан мен Ресей болмақ.

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмиралы Жандарбек Жанұзақовтың айтуынша, Қазақстан мен Әзірбайжан бұл сайыста өз тәжірибелерімен бөліспек.

«Бакуге жауынгерлік корабльдермен бірге «Жайық» гидрографиялық кемесі де барады. Қазақстан мен Әзербайжан елдері қорғаныс министрліктерінің арасындағы келісімге сәйкес, қос тараптың әскери теңізшілері бұл салада жинақтаған тәжірибелерімен өзара бөліседі. Сондай-ақ арнайы мақсаттағы бөлімшелер де бірлескен оқу-жаттығу шараларына қатысады», — дейді ол.