ҚР Қарулы Күштерінің қатары жаңа техникамен толығуда

 Бұл туралы Қарулы Күштердің қолбасшысы Дәурен Қасанов: «Биылғы жылы Миг-35 пен Су-30 ұшақтарын алуды жоспарлап отырмыз. Миг-35 тікұшақтарын алып қойдық. Ал, Су-35-терді алу туралы келісімшарт жасалған. Біздің сатып алып жатқан техникаларымыздың бәрі ел назарында. Оларды жыл сайын парадта көрсетіп жүрміз»,- деді.

Қолбасшының айтуынша, Су-35 ұшағын жайдан-жай таңдалмаған. Себебі, ол алты тонналық бомбамен бомбалауға қабілетті. Яғни, ұрыс жиынтығы (бомбалау, жойғыш, штурмовиктерді әр түрлі жағдайларда пайдалануға болады) өте жақсы жабдықталған. Әрі бағасы да тиімді. Қолбасшы Қасановтың сөзіне сүйенсек, толық техникалық тексерістен өткен кеңестік техникалар әлі 8 жылға жуық қызмет ете алады. Дегенмен іске жарамсыз болып қалғандары да бар көрінеді.

«Оның бәрі техникаға жасалған күтімге байланысты. Мысалы, Б-52 ұшағын алайық. Ол 1948 жылы құрастырылған. Әлі күнге дейін ұшып тұр. Жыл сайын техникалық тексерістен өткіземіз. Келесі жылы 1988 жылы шыққан Миг-27-ні тексереміз. Ал, Миг-22, Миг-23 ұшақтарының жарамдылық мерзімі өтті. Олар авиациялық базаларда сақталады, кейін утилизацияға өтеді»,- деді қолбасшы.