Көкпардан Әлем біріншілігінің жеребесі тартылды

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Байқауға қатысатын 12 команданың өкілдері Елордаға келіп, қазақы нақыштағы жеребе тарту рәсіміне қатысты.

Сонымен, көкпар тартысында кім-кіммен қарсылас болады екен?

«А» тобында:

№-1 — Қырғызстан көкпар командасы

№-2 — Өзбекстан көкпар командасы

№-3 — Түркия көкпар командасы

№-4 — АҚШ көкпар командасы

№-5 — Тәжікстан көкпар командасы

№-6 — Моңғолия көкпар командасы

«Б» тобында:

№-7 — Қазақстан көкпар командасы

№-8 — Әзербайжан көкпар командасы

№-9 — Ресей көкпар командасы

№-10 — Венгрия көкпар командасы

№-11 — Қытай көкпар командасы

№-12 — Ауғанстан көкпар командасы

Сонымен, 20-28 тамыз айында «Қазанат» атшабарында І Әлем чемпионатында 12 көкпар командасы төмендегі кесте бойынша бақ сынайтын болады. Бір күнде алты кездесу өткізіледі.

21 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Қырғызстан — Моңғолия командалары

2. Қазақстан — Ауғанстан командалары

3. Өзбекстан — Тәжікстан командалары

4. Әзербайжан — Қытай командалары

5. Түркия — АҚШ командалары

6. Ресей — Венгрия командалары

22 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Моңғолия — АҚШ командалары

2. Тәжікстан — Түркия командалары

3. Қырғызстан — Өзбекстан командалары

4. Ауғанстан — Венгрия командалары

5. Қытай — Ресей командалары

6. Қазақстан — Әзербайжан командалары

23 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Өзбекстан — Моңғолия командалары

2. Түркия — Қырғызстан командалары

3. АҚШ — Тәжікстан командалары

4. Әзербайжан — Ауғанстан командалары

5. Қазақстан — Ресей командалары

6. Венгрия — Қытай командалары

24 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Түркия — Моңғолия командалары

2. АҚШ — Өзбекстан командалары

3. Тәжікстан — Қырғызстан командалары

4. Ресей — Ауғанстан командалары

5. Венгрия — Әзербайжан командалары

6. Қытай — Қазақстан командалары

25 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Моңғолия — Тәжікстан командалары

2. Өзбекстан — Түркия командалары

3. АҚШ — Қырғызстан командалары

4. Ауғанстан — Қытай командалары

5. Әзербайжан — Ресей командалары

6. Венгрия — Қазақстан командалары

Осы кездесулерден соң жеңіске жеткен командалар ширек, ақтық ойындарға іріктеліп шығады.

ДереккөзInform.kz