Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 13 баспасөз хатшысы

22 ақпанда Қазақстан журналистерін Журналистер одағының басқарма төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаевтың тұтқынға алынғаны туралы жаңалық елең еткізді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметкерлері Матаев ірі көлемде қаржы ұрлады, заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және салықтан жалтарды деген айып тағып отыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Сейітқазы Матаевқа тағылған айып расталса, ол алты жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін екенін мәлімдеді. Өйткені, ол жасады деп отырған қылмыстар ауыр қылмыстар санатына жатады.  Журналистер қауымы болса, Сейітқазы Матаевтың жазықсыз екеніне сенім білдіре отырып, оны растайтын құжаттар бар екенін алға тартады. «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорында Қазақстанда ел журналистикасы көшбасшысының беделін түсіруге бағытталған науқан басталды деген болжам айтылды.

Сейітқазы Матаев кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен иық тіресе қызмет атқарған – 1991-1993 жылдар аралығында ол мемлекет басшысының жеке баспасөз хатшысы болды. Тәуелсіздік жылдарында осы бір маңызды да жауапты мемлекеттік қызметті атқаруға 13 адам ғана лайық болған. Олардың әрқайсысы қызметінде үш жылдан артық отырмағаны да бар. «Открытая Азия онлайн» қай жылы кім президенттің баспасөз хатшысы болып қызмет еткенін және қазір ол адамдар қандай қызмет атқарып жүргенін еске түсірді.

Курсорды суреттің үстіне апарсаңыз, сол адамның өмірбаянын оқи аласыз.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекітті

Қазақстан халық партиясы мәжіліске өткен депутаттарының тізімін жариялады.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 наурызға арналған бағамын белгіледі.

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

Алматыдағы “Шымбұлақ” тау шаңғы курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы курорттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжілісте комитеттердің төрағалары сайланды

Мәжілістің пленарлы отырысында тұрақты комитеттердің саны мен атауы қаралып, төрағалары сайланды.

Қазақстан туын шатастырып алды ма? Дания құрамасының жазбасы талқыға түсті

Данияның футболдан құрамасы әлеуметтік желіде Қазақстанның туын қойған пост талқыланып жатыр.

Үш өңірде дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидромет” 26-28 наурыз аралығында Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жариялады.