Енді Қазақстан Қытайға майлы және дәнді дақыл экспорттайды

Биылғы маусым айында аталмыш екі ел басшылары Астанада ауыл шаруашылығы тауарларын өңдеу және инвестиция тартудың маңыздылығын ерекше атаған еді. Бұл сол кездесудің нәтижесі десек те болады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз сөзінде бүгінгі форумның екі ел үшін маңызы айрықша болғанын мәлімдеді.

«Елбасының ҚХР басшылығымен қол жеткізген келісімдері нәтижесінде бүгінгі таңда қазақстандық тауарлар үшін үлкен мүмкіндік туып отыр. Өтіп отырған форум – осы келісімдердің тағы да бір айғағы. Келіссөздердің қорытындысы бойынша 7 келісімшартқа қол қойылды. Соның ішінде «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы Қытайға 100 мың тонна майлы дақылдарды жіберуге және 200 мың тонна бидай жіберуге қол қойды. Бүгінгі форум екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан ары дамытуға, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласында қарым-қатынасты жаңарту үшін өзінің үлесін қосады деп есептейміз», — дейді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада Қазақстан-Қытай инвестициялық аграрлық форумы өтті. Форум кезінде мемлекетке 160 млн доллар көлемінде инвестиция тарту және сауда бойынша 7 құжатқа қол қойылды.

Дереккөзbaq.kz