Қырғызстан Президенті латын әліпбиіне көшуге қарсы

“Латын қарпін дамыған елдердің барлығы қолданады дегенді алға тартамыз. Алайда, Жапония мен Кореяның дамуына иероглифтерді қолдану кедергі келтірген жоқ. Қытай экономикасының дамуында да жазудың атқарған ерекше рөлі жоқ. Демек, әліпбиде тұрған ешнәрсе жоқ” — деді мемлекет басшысы.

Қырғыз Президентінің айтуынша, қалыптасқан әліпбиді өзгерту халықтың өткенімен хош айтысумен бірдей.

«Латынға өту бізді жақындастырмайды, керісінше, алшақтатады. Шыңғыс Айтматов та, Мұхтар Әуезов те кириллицамен жазды, бұл жазу бізде кедергі емес», — дейді Алмасбек Атамбаев.

Кеңес Одағы ыдыраған соң Әзірбайжан, Түркіменстан және Өзбекстан латын қарпіне көшкен болатын.

Бұл бастама Қазақстанда биыл ғана қолға алынып жатыр.

ДереккөзCentralasian.org