Облыс әкімі денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Жиында аймақ басшысы, «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халық денсаулығы — ол Қазақстанның өзiнiң стратегиялық мақсаттарына жетудегi табысының ажырамас құрамдас бөлiгi деп атап көрсеткен болатын.

Кез келген мемлекеттiң басты қазынасы — адам, ал, адам байлығы оның денсаулығы. Сондықтан, денсаулық сақтау жүйесiнiң басты мақсаты — сапалы және қолжетiмдi медициналық қызмет көрсету, — деп атап өттi.

Өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин аймақтағы медицина қызметкерлерiнiң қатарын көбейту үшiн болашақ мамандарды оқыту мәселелерi бойынша жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қазiргi таңда өңiрiмiздiң 200-ден астам жастарына медицина мамандығын меңгеруi үшiн материалдық қолдау-көмек көрсетiлуде. Сонымен бiрге, аймақ басшысы облыс орталығындағы дәрiгерлердiң баспана мәселесiн шешу жайы да қарастырылып жатқандығын атап өттi.

Облыста денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға айтарлықтай зор көңiл бөлiнiп келедi. Соңғы жылдары өңiрiмiзде жаңа медициналық нысандар iске қосылып, қазiргi заман талабына сай технологиялар игерiлуде, емдеу-алдын алу мекемелерiндегi медициналық құрал-жабдықтар түбегейлi жаңғыртылуда. Мәселен, соңғы 7 жылда 1 мыңнан астам медициналық техника, 150 бiрлiк санитарлық автокөлiк пен реанимобилдер сатып алыныпты. 28 нысанға күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлген және 33 нысан пайдалануға берiлген. Оның 3-еуi 250 келушiге арналған Ақкөл, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласындағы жаңа емханалар. Жарқайың ауданында емханасы бар жаңа аурухана салынды.

Салтанатты шарада медицина саласының дамуына елеулi үлес қосқан сала мамандарын облыс әкiмi «Алғыс хатпен» марапаттады.