- Желіде IPhone 8-дің суреттері де пайда болып үлгерді. Оның ең бірінші болып айтылатын ерекше сипаты – иілгіш OLED дисплейі.
- Жаңа iPhone 8 алдыңғы нұсқаларынан қарағанда жіңішке, бірақ көлемі жағынан үлкен болады. Яғни, экраны 5,8 дюйм. Дисплейі ешбір жақтаусыз болады.
- Барлық корпусы тек қана әйнектен тұрады.
- Смартфонның жады 256 ГБ-қа дейін ұлғаяды.
- Телефон қос камералы болады. 3D камераның мүмкіндіктері пайда болады.
- Смартфон сымсыз қуатталатын қабілетке ие.
- Смартфонның су өткізбейтін қорғанысы жетінші нұсқасына қарағанда жетілдірілген болмақ.
- Apple компаниясының инженерлері «Home» батырмасының болмайтынын айтқан еді. 2007 жылдан бері барлық айфондарда ерекше рөл атқаратын батырманың орнына барлық функцияларды атқара алатын сенсорлы панель орнатылатын көрінеді.
- Егер жаңа iPhone сенсорлы панель арқылы басқарылатын болса, онда Touch ID функциясы болмайды деген сөз.
Әлеуметтік желілерде де, ғалымдар мен мамандар арасында да Apple-дің келесі өнімі туралы пікірталастар мен болжамдар жиі айтылып жүр. Аталған iPhone 8 2017 жылы жарыққа шығады деп күтілуде.