Қытайда iPhone 8 шығарылды (Видео)

Apple компаниясының жаңа смартфонының таныстырылымына әлі бірнеше ай бар болса да, қытайлықтар көшірмесін жасап үлгерді. 

Видеоға қарағанда, iPhone 8 көшірмесі жасалып, сатылымға да шығып кеткен. Қытай елінің құрастырушылары әртүрлі қауесеттер мен болжамдарға сүйене отырып, смартфонды құрастырған.

Айта кетейік, Apple iPhone 8-ді өндіруде. Нарыққа шықпаған түпнұсқаның бағасы болжам бойынша $1000 болуы мүмкін.

 

ДереккөзBaq.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз