Жаңа IPhone 8 смартфоны қандай болады?

​iPhone 8 смартфонының шығу мерзімі жақындаған сайын iPhone 7-нің бағасы түсіп жатыр. "Алмафонның" жаңа нұсқасы жұртты несімен таңқалдырмақ?

  • Желіде IPhone 8-дің суреттері де пайда болып үлгерді. Оның ең бірінші болып айтылатын ерекше сипаты – иілгіш OLED дисплейі.
  • Жаңа iPhone 8 алдыңғы нұсқаларынан қарағанда жіңішке, бірақ көлемі жағынан үлкен болады. Яғни, экраны 5,8 дюйм. Дисплейі ешбір жақтаусыз болады.
  • Барлық корпусы тек қана әйнектен тұрады.
  • Смартфонның жады 256 ГБ-қа дейін ұлғаяды.
  • Телефон қос камералы болады. 3D камераның мүмкіндіктері пайда болады.
  • Смартфон сымсыз қуатталатын қабілетке ие.
  • Смартфонның су өткізбейтін қорғанысы жетінші нұсқасына қарағанда жетілдірілген болмақ.
  • Apple компаниясының инженерлері «Home» батырмасының болмайтынын айтқан еді. 2007 жылдан бері барлық айфондарда ерекше рөл атқаратын батырманың орнына барлық функцияларды атқара алатын сенсорлы панель орнатылатын көрінеді.
  • Егер жаңа iPhone сенсорлы панель арқылы басқарылатын болса, онда Touch ID функциясы болмайды деген сөз.

Әлеуметтік желілерде де, ғалымдар мен мамандар арасында да Apple-дің келесі өнімі туралы пікірталастар мен болжамдар жиі айтылып жүр. Аталған iPhone 8 2017 жылы жарыққа шығады деп күтілуде.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз