Қырғызстанда 600 дәрігер жұмысын тастап кеткен

Ақ халатты абзал жандардың жұмыстан кетуіне жалақының аздығы, әлеуметтік жеңілдіктердің жоқтығы себеп болып отыр.

Осы мамандықты меңгерген жастар ауылдық елді мекендерде қызмет етуден бас тартып отыр. Қазір көрші елдегі медициналық мекемелерде, әсіресе ауыл-аймақтарда дәрігерлер жетіспейді.

Жыл басынан бері 600 дәрігер жұмыстан шықса, 612 жас маман қызметке алынды. Алайда, тәжірибелі дәрігерлердің азаюы қызмет сапасын төмендетіп отыр. Әсіресе ауылдарда білікті мамандар тапшы.

Дереккөз24.kz