17 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Аталған аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ жауады.

Күндіз Ақтөбе облысында да найзағай күтіледі, желдің күші 18 м/с жетеді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.