Маңғыстау облысында Каспий теңізі жағалауында жоғалған Азамат Дүйсеханды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Lada басылымының мәліметінше, бозбала 7 шілде күні туған күнін достарымен бірге Ақтау қаласынан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан O’Mir курорттық қонақүйі маңында атап өткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Қазір іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сонымен қатар жоғалған жігіттің туыстары, достары мен жақындары қатысып жатыр, — делінген хабарламада.
Жақындарының айтуынша, қолда бар техника іздеу жұмыстарын жүргізуге жеткіліксіз.
Отбасы барлық бейжай қарамайтын азаматтардан іздеу жұмыстарына көмектесуді және Азамат Дүйсеханның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, дереу құзырлы органдарға немесе туыстарына хабарласуды сұрады.
