Үй жалдағанда алаяқтарға ұрынып қалмау үшін не істеу керек?

Пәтердің бағасын жалпы нарықтағы бағамен салыстыру

Егер жалға беру бағасы нарықтағы бағадан біршама төмен болса және еурожөндеуден өткен пәтерлердің суретін жариялайтын болса, абай болу керек. Сондай-ақ, мамандар «үйді жақсы адамға жалға беремін», «басқа жаққа көшуіме байланысты жалға беремін», «тұрақты тіркеумен көмектесемін», «үй иесі шетелде» деп хабарлама жазатын жалға берушілерден сақ болуға кеңес береді. Айта кетейік, жалдамалы пәтер бағасы нарықтағы бағадан төмен бе, әлде жоғары ма — оны сайттағы онлайн-бағалау жүйесінде тексеруге болады.

Келісім-шартқа мұқият болыңыз

Екінші кезекте жалға алушы ұнаған пәтерлердің тізімін жасап, хабарландыру бойынша қоңырау соға бастайды. Бұл жерде риелторлар көрсететін қызметіне алдын ала ақша сұрауы мүмкін. Ал негізі комиссия қызмет түрі көрсетілгеннен кейін, яғни, келісімшарт жасалған соң ғана төленеді.

Сондай-ақ, алаяқтар ақпараттық қызмет көрсеткені үшін ақша талап етуі мүмкін. Олар жалға алушымен келісімшарт жасасып, қажетті ауданнан 2-3 күнде пәтер тауып беруге уәде береді. Риелторлар бұл қызметін 10 000 — 20 000 теңге көлемінде бағалайды екен. Осылайша, олар агенттік арқылы пәтер іздей бастайды, ал пәтерді жалға алушыға тауып бермеген жағдайда риелторлар олардан келісімшартты мұқият оқып шығуын сұрайды. Яғни, жалға алушы мен жалға беруші жасасқан келісімшартта жалға беруші тек ақпараттық қызмет көрсетуге міндеттеледі.

Үйдің құжатымен, ондағы техникамен мұқият танысу

Мамандар міндетті түрде келісімшарт жасасу керектігін айтады. Себебі онда екі тараптың да міндеттері көрсетіледі. Айта кетейік, жалға алушы келісімшарт жасаспай тұрып, пәтерді көріп шыққаны үшін 1 000 теңге төлеуге міндетті емес.

Пәтер иесінен қолxат алу

Сонымен қатар, мамандар пәтерді жалға алып, келісімшартқа отырған соң жалға берушіден қолхат алуға кеңес береді.

ДереккөзTengrinews.kz