6 жасар Аянат Дәулеталина халықаралық байқау жеңімпазы атанды

Болгарияда өткен байқау жеңімпазы Аянат Дәулеталина — Ақтау қаласының тұрғыны.

«Фестивальге ұзақ дайындалдық. Қазақстан атынан қатысып отырған соң, қатты қобалжығанымыз рас. Кейбір елден бір емес, бірнеше қыз қатысқанына қарамастан, Аянат біздің үмітімізді ақтап, гран-при жеңіп алды», — дейді Di school модельдер мектебінің басшысы Диляра Турина.

Айта кетейік, халықаралық фестиваль тура бір аптаға созылған. Осымен бұл шара биыл Болгарияда алтыншы рет өтіп отыр.

Дереккөзbaq.kz