Астана күнінде ауа райы қандай болады?

Құрғақ және ыстық ауа массаларының келуіне байланысты республиканың оңтүстігінде 40 градустан жоғары ыстық ауа райы сақталады.

«Елімізде мереке және демалыс күндері ыстық ауа райы сақталып тұрады. Қазақстанның солтүстік жартысындағы атмосфералық фронттар жылжып, еліміздің кейбір аумақтарында жауын-шашын мен жел болады. Алдағы екі тәулікте ауа райы нормаға жақын болады. Ал кейіннен ауа температурасы көтерілуі мүмкін», — дейді синоптиктер.