Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, биылғы жыл бойынша еліміздегі орташа ұпай — 80,5 балл болып отыр.
«Биылғы жаңа форматтың ерекшелігі – пәндердің арасында 3 міндетті, 2 профильді пәннен таңдау болды. Сонымен 5 пән, 120 сұрақ. 140 ұпай. Өкінішке қарай, биыл 140 балды ешкім ала алмады. Алматы қаласындағы М.Мақатаев атындағы мектеп түлегі Саят Тасан 139 ұпай алды. Қазақстанның қалған 7 түлегі 138 балл алды. Жаңа форматтың көрсеткіштері жақсы десе де болады. Орта есеппен алған еліміздегі орташа ұпай — 80,5. Ескі формат бойынша оқушы өтсе өтті, өтпесе, ақылы түрде оқу мүмкіншілігі де болмаған. Министрдің тапсырмасы бойынша ҰБТ-ді қайта тапсыру мүмкіндігін бердік», — дейді ол.
