ЭКСПО көрмесін 400 мың адам тамашалаған

Бүгін туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияда сөйлеген «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрмеге әлемнің көптеген елінде қызығушылық танытқанын айтты. ЭКСПО-ны тамашалап қайту үшін 55 елдің азаматтары билет сатып алған.

Ал, 46 елдің өкілдері көрмеде еріктілер ретінде қызмет етіп жүр.

Айтулы шараның насихат жұмыстары да өз деңгейінде атқарылып жатыр.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің салтанатты ашылуынан шетелдің БАҚ-тың 800-ден астам өкілі хабар таратты. Көптеген елдерде бұл шара тікелей эфирде көрсетілді»,-деді Ахметжан Есімов.

ДереккөзInform.kz