Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жәрмеңкеге 60 жұмыс беруші қатысты. Шараға «Білім беру», «Құқық» «Өнер және мәдениет», «Медицина, фармацевтика», «Энергертика» және т.б. мамандықтар бойынша үш мыңнан астам түлек келді.

Танымал психолог Айқын Дүйсембаев жастарға тренинг өткізіп, жемісті әңгімелесудің құпияларымен  бөлісті. Айта кетейік, жәрмеңке биыл осымен бесінші рет өткізіліп отыр, тағы 4 рет ұйымдастыру жоспарлануда. 236 адам жұмыс тапты. 2017 жылы Астанада ТКББ оқу орындарын жалпы 6408 түлек тәмамдайды.

Халықты жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша, орталыққа жыл басынан бері 6 870 адам хабарласқан. Олардың 56,7% жұмыссыздықтан қорғау шараларымен қамтамасыз етілді. 2 583 адам жұмысқа орналастырылды: 363 — жастар тәжірибесіне жіберілді, әлеуметтік жұмыс орнына – 125, уақытша жұмысқа 1126 тартылды. Жоғары сұраныстағы мамандықтар бойынша 186 адам қысқа мерзімді оқулар мен қайта оқыту курстарына жіберілді. Жұмыспен қамту ортылығының мәліметтер базасында 8 523 бос орын бойынша 1146 жұмыс беруші тіркелген.