Астанада алғаш рет балмұздақ фестивалі өтті

Шараны «Kazbrands» қоғамдық қоры «Байтақ болашақ» экологиялық Альянсымен бірлесіп, Астана әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Шараға «Гормолзавод Көкшетау», «Эмиль», «Шин-лайн», «Деп. Қостанай», «Icemaster», сондай-ақ ресейлік, польша, италияндық маркалы «CopaItalia»,  «Bombino», «Прима мороженое» балмұздақ өндірушілері қатысты.

Фестиваль аясында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Тәттіқұмарлар патшалығы» мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды. Онда көрермендер аниматорлардың, әртістердің өнерін тамашалап, балалар аттракциондарда ойнап, ересектерге жанұялық би кеші ұйымдастырылды.

Арнайы фестиваль үшін бие сүтінен жасалған балмұздақ ұсынылды. Бұл «KAZBRANDS» қоғамдық қорынан «Балмұздақ-бренд-2017» номинациясын алған және Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталған Т.Шарманов атындағы Қазақ тамақтану академиясының зертханасында жасалған балмұздақ, дейді шараны ұйымдастырушылар.

Балалар үйі мен интернаттарының, аз қамтылған отбасыларының балаларына ерекше көңіл бөлініп, оларға балмұздақтар тегін таратылды, сыйлықтар берілді.