Биыл 20 мың адамға колледждерде тегін оқу қарастырылды

Министрдің айтуынша, қаладан тыс аумақтардан қатынайтындарға жатын орын мен жол шығынын жабуға қаржылай көмек жағы да жоспарланып жатыр.

«Қазақстан экономикасын білікті әрі бәсекеге қабілетті еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуіміз керек. Осы мақсатта жұмыссыз және өзін жұмыспен қамтыған азаматтарға тегін кәсіп алуға мүмкіндік туғызатын оқыту мәселесіне ерекше назар аударылады. Осылайша, біз ұзақ мерзімде орнықты даму, қысқа уақыт аралығында қазірдің өзінде жұмыссыздық деңгейін қысқарту сынды бірнеше түйткілдің күрмеуін тарқатамы», — деді Тамара Дүйсенова.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жоспарында тағы 26 мың адамды қысқа мерзімдік курстарда оқыту да көзделген.