Қазақстандықтар газбен жүретін көліктерге ауысып жатыр

2016 жылы АИ-92 маркалы бензин бағасы орта есеппен 13% (15 теңгеге) қымбаттады. Ал бутан және пропан газының бағасы 43%-ке көтерілген. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, өткен жылы осындай 457,8 мың тонна отын сатылған. Ондағы қаржы айналымы екі есеге дейін ұлғайып, 28,9 млрд теңгеге жеткен.

Газдың бағасы Үкіметтің 2015 жылы жанармай мен дизель отындарының бағасын бақылауда ұстаудан бас тартқанынан кейін өсе бастады. Соның нәтижесінде 2015 жылы газ сатылымының көлемі 156,6 тоннадан 319,3 тоннаға дейін артты.

ДереккөзNaryk.kz