дүкеннің ашылуы

Әлеуметтік маңызы бар жобаны аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлсара Әмреева жүзеге асырды. Қазірдің өзінде «Әйгерім» дәмханасының ішінде орналасқан дүкенге 1000-ға жуық жаңа зат жиналды. Онда әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар қажетті заттарды тегін ала алады. Сондай-ақ, жобаны аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалы, әкімдік пен тұрғындар қызу қолдады. Қайырымды жандардың әкелген заттарын қабылдау мен келушілерге қызмет көрсету үшін әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту бөлімінің бағыты бойынша дүкенге бір қызметкер жұмысқа алынды.

«Бүгінгі таңда қоғамда қаржылық және рухани қолдауға зәру жандар өте көп. Біз бизнес өкілдері адамға қиын сәтте көмек қолын созудың маңыздылығын жақсы білеміз. Дүкендегі заттар аз қамтылған, көпбалалы жанұялардың қажетіне жарайды деген ойдамын», – деді Күлсара Әмреева.

Айта кетейік, ауданда ашылған «Бәрі де рахмет үшін!» дүкені Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің екінші жобасы. Осыған дейін әлеуметтік дүкен Талдықорған қаласында ашылған болатын.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!