Талдықорғанға табиғи газ жеткізілді

«Алматы — Талдықорған» газ құбыры мен автоматтандырылған газ бөлу станциясының құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүргізіліп, жұмыс барысы облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей бақылауында болды. Табиғи газды тұтынушыға неғұрлым жылдам жеткізу үшін газбен қамту желілерін орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде алғашқы 10 үй көгілдір отынның игілігін көре бастады. Тағы 100 тұрғын үй газға қосылуға дайын және бұл көрсеткіш күннен күнге артып келеді. Экономикалық және экологиялық тиімді бұл отын түрі ендігі жерде тұрғындарды көмір мен отынға тәуелділіктен құтқарып, тұрмысқа қолайлы жағдай туғызбақ.

«Алматы — Талдықорған» магистралды газ құбырын жүзеге асыруға 21,4 млрд. теңге бөлінген. Ол облыс орталығын қосқанда жалпы 410 мың тұрғыны бар үш қала мен алты ауданды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.

ДереккөзBnews.kz