ЭКСПО-ның гид-экскурсоводтары 11 тілде сөйлейді

-Таңдау байқау бойынша жүргізілді. Біз оларды тіл білуге оқытпадық. Тек шет тілін жетік білетіндерді ғана алдық, — дейді А.Адамбеков. Оның сөзінше, негізінен гид-аудармашылардың басым бөлігі 6 тіл біледі, алайда арасында 11 тілде сөйлей алатын полиглоттар бар. Негізінен қытай, түрік, ағылшын, жапон, француз, корей, испан және өзге де тілдерді меңгерген.

— Яғни, егер шетел туристеріне түсіндіру керек болса, олар көмектеседі, — дейді А.Адамбеков. Сонымен қатар Астана тарихы, көрікті жерлері туралы айтып беретін жол көрсетушілер жұмыс істейді.

— Бұдан бөлек, біз аймақтармен тығыз байланыстамыз. Егер оларға гид қажет болса, біз көмектесеміз. Олар туристерге Астана туралы барлық ақпаратты айтып бере алады, — дейді «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары.