Астанада дауыл болуы мүмкін

Бүгін, 30 мамыр күні Астанада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

«Құрметті астаналықтар, сіздерден сақ болып, төтенше жағдай орын алған жағдайда «112» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз», — деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖД тұрғындардан төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды:

Терезелер. Қатты жел ұйытқуы кезінде үй мен пәтердің барлық терезесіі нығыз жабық болуы тиіс;

Балкондар. Шыныланбаған балкондар мен лоджиялардан қатты жел кезінде сыртқа құлауы мүмкін барлық затты алып тастау қажет;

Көшеде. Дауылда далада қалып қойсаңыз жарнамалық қалқандардан (басқа да аспалы құрылымдар) , электр беру желілері, сонымен қатар ағаштардан алыс жүріңіз. Айналаңызға мұқият қараңыз, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін, құлайтын, сынып кетуі ықтимал заттардан аулақ болу қажет. Үзілген сымдар мен тербеліп тұрған заттарға (ағаштар) жақындауға болмайды;

Пана. Қатты жел кезінде жақын маңдағы ғимаратқа (ол дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үй кіреберісі, кинотеатр болуы мүмкін) паналай тұру керек.

Үлкен ағаштар. Үлкен ағаштарды саяламаған абзал, оның ішінде теректер астына тасаламаңыз және автокөлігіңізді қоймаңыз. Ағаш немесе оның бұтақтары сынуы мүмкін, бұл да өз кезегінде қауіп көзі болып келеді. Сонымен қатар, ескірген және шіріп кеткен, әрі жалғыз тұрған ағаштар да қауіпті.

ДереккөзBaq.kz