Астанада 30 мамыр мен 1 маусымда көлік қозғалысы шектеледі

30 мамыр соңғы дайындық жұмыстарын пысықтау және 1 маусым шеру өтетін күні келесі бағыттар бойынша жол жабылады: Қала әкімдігі ғимараты алдындағы алаң — Абай көшесі — Республика даңғылы — Кенесары көшесі — Бейбітшілік көшесі — қала әкімдігі ғимаратының алдындаға алаң.

1 маусымда елорда көшелерімен халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Іс-шара аясында 4000 мыңнан астам қатысушылар: барабаншылар, үрмелі оркестр және ансамбльдер, әскери киім киген қолдаушы топ, қаланың жастар және балалар хор және би ұжымдары елорда көшелері мен даңғылдары арқылы жүріп өтеді.

Шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады. 1 маусымда бір уақытта сағат таңертеңгі 11-де еліміздің барлық аймақтары және Астана мен Алматы қалаларында өтеді. Елордада салтанатты шеру Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

ДереккөзAstana.gov.kz