Бауыржан Мусиннің қамау мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылды

Мусиннің адвокаты Нұрлан Бейсекеев қорғалушысының қамау мерзімі 30 маусымға дейін ұзартылғанын айтты.

«Астана қаласының қылмыстық істер бойынша апелляциялық алқасына Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Исаеваның Бауыржан Мусинді қамауда ұстау мерзімін созу жөніндегі шешіміне шағымданамын. Себебі бұл соттауға болмайтын жағдай. Қорғалушы тарап бұл істі Есіл аудандық сотының судьясы Мұханғалиеваға жолдауға өтініш білдіреді», — деді адвокат Нұрлан Бейсекеев.

Еске салайық, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитет басшысының орынбасары Бауыржан Мусин биыл 31 наурызда ұсталды. Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, параның жалпы сомасы — 1,4 миллион теңге.

ДереккөзTengrinews.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да