Теңге нығайып, тағы рекорд жаңартты

Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310,08 теңгеге тең болды.

Айта кетейік, 26 мамырда доллар бағамы 311,44 теңге болған. Максималдық құны 310,3 теңге болды, ал минималдық құны — 310 теңге. Сауданың жалпы көлемі 54,8 миллион долларға жетті.

Валюта айырбастау пункттерінде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 310-311 аралығында. Мұнай бағасы 29 мамырда Астана уақытымен 10.51-де Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 52,08 доллар болды.

Айта кетейік, соңғы рет мұндай көрсеткіш 2015 жылы 10 қыркүйекте тіркелген.

ДереккөзTengrinews.kz