Не болды?
Маусым айынан бастап Қостанай — Ташкент халықаралық әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Берік Таңжарықовтың үкімет отырысындағы сөзіне қарағанда, маусым айынан бастап Қостанай-Ташкент халықаралық әуе рейсі ашылады. Бұдан бөлек Фукуок, Нячаң, Ыстамбұлға да жаңа бағытты қарастырып жатыр.
Қостанай әуежайында жолаушылар саны артып жатыр. Мысалы, 2022 жылы 295 мың адам болса, 2025 жылы шамамен 450 мың адамға жетті.
Биыл жолаушылар 500 мың адамға жетуі мүмкін. Қостанайда Астана мен Алматыға рейстердің жиілігі артты. Мамыр айынан бастап Қостанай — Шымкент рейсі ашылды, — дейді Қостанай облысының әкімі Берік Таңжарықов.
Контекст
Естеріңізге салайық, елімізде ішкі әуе рейстерге биометриямен сәйкестендіру жүйесі іске қосылады.
