Қазақстанда арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің халықаралық жарыстары «Алтын Үкі-2017» басталды

Бес күн ішінде Белорусияның, Қазақстанның, Пәкістанның және Ресейдің 8 командалары үздік барлау тобын анықтайды. «Алтын Үкі-2017» халықаралық жарыстары қатысушылардың іс жүзіндегі жауынгерлік іс-қимылдарға жоғары моральдық-психологиялық, әскери-арнайы және дене дайындығын қалыптастыруға және ұстауға көмектесу үшін арналған. Әрбір әскери қызметшіге жоғарылатылған төзімділік пен дәлдікті таныту талабы қойылған.

Арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер 10 кезеңнен өтуі тиіс. Олардың барысында барлау бөлімшелері командирлерінің жұмыс деңгейі, әскери қызметшілердің оқ ату және далалық машық деңгейі, күрделі жағдайда міндеттерді пысықтауға әзірлік деңгейі, сондай-ақ әртүрлі кәсіби амалдарды орындау деңгейі айқындалатын болады.

Ағымдағы жылы жарыстарды өткізудің бақылаушылары ретінде Әзербайжан, Моңғолия, Үндістан мен Түркия өкілдері қатысады.