EXPO көрмесіне қандай әншілер келеді?

Сонымен қатар, Black Star Mafia (Тимати, L’One, Мот және тағы басқалар), диджейлер Axwell, Afrojack және Steve Aoki те келуі мүмкін. EXPO-2017 шеңберінде The Spirit of Tengri,  J AZZIA Astana 2017 фестивальдері мен   MTV телеарнасының концерті де жоспарланған. 

Мәдени бағдарламада  EXPO билеттерімен кіруге болатын шоулар мен жеке билет алынуы қажет шаралар да көрсетілген.  EXPO-2017 көрмесіне жұмыс күндері кіру 4000 мың теңге, демалыс күндері кіру 6000 теңге тұрады. Уақыты көрсетілмеген билеттер 8000 теңге тұрады.

Естеріңізге сала кетсек, EXPO-2017 аясында КВН-нің жазғы кубогы, Cirque du Soleil шоуы да болады.  10 маусым күні Астанада  EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі өз жұмысын бастайды.

Көрме кешенінің құрылысы үш жыл бұрын басталды. Бес жыл бұрын 161 мемлекетттің өкілдерінің жасырын дауыс беруі барысында Астана 2017 жылғы мамандандырылған көрме өткізілетін орын ретінде таңдалған болатын.

ДереккөзKazdala.kz