Мүгедек баланы тәрбиелеушінің жәрдемақысын төлеу жеңілдетіледі

«Елімізде жылына 400 мыңдай бала туылатынын ескерсек, шамамен 300 мыңнан астам отбасы арттырылған мөлшерде жәрдемақы алады. Екіншіден, мүгедек балалардың ата-аналарына төленетін жәрдемақы тағайындау процесін оңтайландыруды қарастырып отырмыз. Енді олар медициналық әлеуметтік сараптамадан өткенде мүгедектік белгіленетін қызметтен бөлек, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға арналған жәрдемақыны тағайындауға өтінішті бірге бере алатын болады», — деді министр Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, мақұлданған заң жобасы бойынша зейнетақы үш кезең бойынша қосылып отырады.  2017 жылдың 1 шілдесінен зейнетақы мөлшерлерін 2016 жылғы деңгеймен салыстырғанда 20 пайызға арттыру қамтамасыз етіледі. Осы орайда ең төменгі зейнетақы 45 711 теңгеге дейін, орташа зейнетақы 66 676 теңгеге дейін арттырылады.

Cондай-ақ, бұған дейiн БАҚ-та 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап балаларға төленетiн жәрдемақы көлемi артатыны туралы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта 1, 2, 3-шi балаларға 66 мың 621 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап бұл сома 86 мың теңгеге жетеді. Ал 4-шi және одан көп балаға 111 мың 135 теңге төленсе, 1 шiлдеден бастап 142 мың теңгеден артық төленедi.

Дереккөз24.kz