17-19 мамыр: Күн суытуына байланысты дабылды ескерту жарияланды

Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 17-18 мамыр күндері түнде топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

17 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

18 мамырда түнде Қостанай облысында 3 градусқа дейін үсік болады.

17-18 мамырда түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, 19 мамырда кей жерлерінде 5 градусқа дейін үсік жүреді.

17-19 мамырда түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 5 градусқа дейін үсік жүреді.

17 мамырда нөсер жаңбыр жауып, Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны болуы мүмкін.

ДереккөзBaq.kz